«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл»
Қазақ тілі – өміріңде,өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.
Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназия қабырғасында қарашаның 14-24 аралығында «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі апталығы өтті. Апталық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Осы апталықтың негізгі мақсаты қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Апталық барысында 2-4- сыныптар арасында Таласпаева Р.А. мен Жимагулова К.А. "Тәуелсіздік - тірегім, теберегім" байқауын, 3-4- сыныптар арасында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен орта және жоғары буында 5-6- сыныптар арасында "ЭКСПО-ға саяхат" атты ойын, 7-8- сыныптар арасында "Тәуелсіздіктің ақ таңы" атты ойын, 9-11-сыныптар аралығында «Ақ тілек» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. "Қазақстанның Тәуелсіздік мерейтойына құттықтауым" атты шығармалар байқауы болып, 9 «а»-сынып оқушысы Аленова Салтанат І орын, Мергенева Ажар ІІ орын және Алғалиева Аружан ІІІ орын иеленді. Іс-шараларға мектеп оқушылары белсене ат салысып, жүлделі орындар алған оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздарымен мараппатталды.
Төлебаева Г.А.Посмотреть новость на сайте учреждения