"Жарқын орта мектебінде"КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында 2-12 ақпан аралығында арналған онкүндік жоспарланып отыр. Ақпан айының 2 сі күні Өзін-өзі тану пән мұғалімдері Хамзин О.Б пен Шибитова К.Б ұйымдастыруымен"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы"атты онкүндіктің ашылу салтанаты болды. 3 ақпан күні өзін-өзі тану пән мұғалімі Шибитова К.Б жетекшілігімен Рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А Назарбаеваға арналған "Балаларға арналған жүрек "атты сынып сағаты болып өтті. Оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді алып, ойларымен бөлісті.