Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

Bilim land

block2_eop.png?_=1495530799
<

 ВЫБОР 2014 

введите текст

Қауіпсіз мектеп ортасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2020 жылдың 10 тамызынан бастап 20 қыркүйегіне дейін, балаларға, ата-аналарға және қоғамға үйдегі, қоғамдағы, ғимараттардағы және білім беру ұйымдарындағы және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы еске салатын «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы басталды.
Бұл іс-шараның мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның үнемі назар аударуы, құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскери ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктіру.
Балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқушылардың қауіпсіз мектеп ортасын құру үшін құқықтық сана мен жауапкершілікті мінез-құлық дағдыларын дамыту  акцияның негізгі мақсаттары болып табылады:
Акция аясында білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мектеп жағдайында құқықтық сауаттылықты арттыруға, салауатты өмір салтын сақтауға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
10 тамызынан 20 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Тимирязев жалпы білім беретін  мектеп-гимназиясында келесі іс –шаралар откізілді:
-ата-аналар арасында өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірмелі әңгімелер, мемлекеттік және басқа органдарға (сенім телефондарына) хабарласу туралы ақпараттық материалдар (жадынамалар) жіберілді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған және балалардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда «Зорлық-зомбылықсыз және терроризмсіз балалық шақ», «Ата-аналарға кеңес» атты жыныстық тәрбие бойынша ақпараттық сағат өткізілді.
-1-11 сынып оқушылары арасында «Бұзақылыққа қарсы» және «кибер бұзақылық» атты сынып сағаттары өткізілді, 1-4 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік ережелері» бейнероликті талқылай отырып көруге арналған ақпараттық сағат, «Қауіпсіз жол», «Балалардың назарына!», «Қауіпсіз автобус», «Үйге қауіпсіз жол» бейне-галереясы өткізілді.
Қауіпсіз білім беру ортасын құру, балалардың және балаларға қатысты заңсыз әрекеттерден балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан акция балаларға, ата-аналарға жәнеқоғамга, үйдегі, ғимараттар мен білім беру ұйымдарындағы және олардың аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту болып  айналуы керек.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь