Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Жарқын орта мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Суралина Тендик Каирбековна
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы
Жарқын орта мектебінің
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Суралина Тендик Каирбековна
Саналы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы
Қазіргі жаһандану дәуірінде өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, қазіргі таңдағы еліміздің әлемде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты. Ғұлама жазушы М.Әуезовтың: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», – деп атап көрсеткеніндей білімді елдің жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді.
Бүгінгі күн жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп тәрбиешілерінің жауапкершілгін арттыра түсуде. Себебі, балаға саналықтың сипаты, ол өмірге келген күннен бастап алдымен отбасында, содан кейін мектеп қабырғасында қалыптасады. Кейіннен қоршаған орта да өз әсерін беріп жатады.
Сондықтан саналы ұрпақ тәрбиелеуде Жарқын орта мектебі тәрбиенің барлық бағыттары бойынша іс-шараларын жоспарға сәйкес жүргізіліп келе жатыр. Мектебіміздегі барлық мерекелік іс-шаралар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының нақты 8 бағыттары арқылы өтеді. Атап айтсақ,
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие 4. Отбасы тәрбиесі
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Сондай –ақ оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамту жұмыстары атқарылуда. Мектеп ата-аналармен тығыз байланыста болуы қажет. Мектепте ата – аналар комитетінің жұмысы істейді. Ата – ана әртүрлі, олардың мектепке көзқарасы да сан алуан. Сол үшін жалпы мектепішілік ата – аналар комитетімен әр сыныптағы ата-аналар комитеті бірлесе отырып, алдымен ата – аналар арасында өзін тану үшін психологиялық ойындар, тренингтер, сауалнамалар жыл сайын жүргізіліп отырады. Әрине, кез келген ата – ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар кез- келген баланың құқықбұзушылығын алдын алу мақсатында істелінетін бастапқы жұмыстарыны бірі. Өйткені қазіргі нарықтық заманда бала тәрбиесіндегі ата –ананың ролі басым екендігін, бала тәрбиесіне көңіл аз бөлінетінін мойындап, жауапкершілікті сезіндіру жұмысын алға қою керек.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген іс- шаралар өз деңгейінде өтті. Осы орайда облыстық суреттер байқауына Шибітова Күләйрә Болатқызының тәрбиеленушілері түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып марапатқа ие болды. Мектебімізде «Жас ұлан» балалар ұйымы жұмыс істейді. Жыл сайын Тәуелсіздік күні 1-5 сынып оқушыларын салтанатты түрде «Жас ұлан» балалар ұйымының қатарына енгізу осы мереке қарсаңында өткізіліп отырады.
«Жас ұлан»балалар ұйымының жетекшісі Турленов Н.Н жетекшілігімен оқушылар аудандық, облыстық Жайдарман чемпионатына қатысып, Облыс Әкімінің кубогы үшін Жайдарман чемпионатының аясында өткізілген аудандық Жайдарман фестивалінің 1 орын иегері болып «Жарқын» құрамасы марапатталды. Ал облыстық жайдарман фестивалінде өнегелі өнер көрсетіп, облыстық Жайдарман чемпионатының 1\4 финалына жолдама алып марапатталды.
Оқушыларға эстетикалық ұғыну мен күйзелісті, талғам құндылықтарды құруға бағытталған қабілеттіліктерін және әсемдік туралы ғылым-талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру мақсатында аудан, облыстың ұйымдастыруымен өткізілген сурет , ән байқауларына және әртүрлі өнер саласы бойынша сайыстарға мектеп оқушылары толық қатыстырылып отырылады. Сынып жетекшілер барлық мерекелік іс- шараларға сыныптарын жан -жақты дайындап, көрермендер көңілінен шыға біледі.
Мектептегі би үйірмесін Абдрахманова Айгүл .Катияқызының жетекшілік етеді. Оқушылардың биге деген қызығушылығын танытып, жыл сайын аудандық «Хрустальный башмачок»атты фестиваліне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мектеп ішінен құрылған бишілер тобы «Бәйшешек»тобы мен «Жұлдыздар» тобы аудандандағы «Хрустальный башмачок»атты фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталды. Бұл да болса, мұғалімнің жемісінің бірі екендігі анық.
Досанбаева Ақмарал Құдабайқызы сыныбымен бірге әр түрлі іс- шараларға қатысып, өз жұмысының еңбегін көріп жатқан ұстаздардың бірі. Атап айтсақ, шәкірті Хамзина Азиза «Мы милашки» атты аудандық балалар конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ Ақмарал Құдабайқызы шығармашылық отбасылық дуэттер мен ансамбльдердің «Союз родных сердец» атты облыстық байқауына қатысып, дипломмен және «Мамыр жұдыздары» атты әкери- патриоттық майдандық және армиялық әндердің байқауында бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Биылғы жаңа оқу жылынан бастап, домбыра үйірмесі жұмыс істеп жатыр. Музыка пән мұғалімі Әлден Гаухар Тыныштықбайқызының ұйымдастыруымен оқушылар арасынан домбыра ансамблі құрылып, мектепішілік мерекелерде өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Бұл салада Суралин Бағыт Еркешұлының қол өнер шеберінің арқасында ансамбль мүшелеріне қажетті аспаптар жасап берді. Алдағы уақытта ұстаз Гаухар Тыныштықбайқызының еселі еңбегі өз жалғасын тауып, домбра ансамблі аудандық. облыстық байқауларда жетістікерге жете беретініне сенімім зор.
Сондай -ақ мектебіміздегі шахмат үйірмесін Хамзин Оразбай Болатұлы жетекшілік ете отырып, оқушылардың бойына шахматқа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділік танытып жүрген ұстаздардың бірі..
Бүгінгі заман талабына сай етіп, ұрпақ тәрбиелеуде бүгінгі таңда зейнеткерлік жасқа жетсе де , янбай еңбек етіп жүрген аға буын өкілдерінің бірі Белгібаева Жанбота Қаратайқызы, сынып жетекшілер Суралин Балғат Еркешұлы, Каепов Ауез Махамбетұлы, Байгужина Гулнур Муканайқызы, Махамбетова Сандуғаш Советқызы Амиргалиева Жанар Өтегенқызы. Байгужинова Жұлдыз Кажкенқызының еңбектерін ерекше атап кеткен жөн.
Ұстаздар ұжымы да өнер саласына құр алақан емес. Бірі әнші, бірі биші , бірі сахналық қойылым шебері болып талай байқауларда өз мүмкіндіктерін пайдаланып, сахналық төрден жүлделі орындар алуда . Оның айғағы ауданда өткен «Мамыр жұлдыздары» атты әкери- патриоттық майдандық және армиялық әндердің байқауында Байгужина Гульнур Муканайқызы мен Досанбаева Ақмарал Құдабайқызының салған әндері әділқазылар алқасының көңілдерінен шығып, жүлделі орынды иеленсе,Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздікке жеткен тарихи жылдар» атты тақырыпта көркемөнерпаздар байқауында мұғалімдер ұжымы өз өнерлерімен жоғары бағаланып үлкен марапатқа ие болды. Бимендин Ернар Байжанұлының жетекшілігімен оқушылар аудандық «Батыр»әскери-спорттық ойынға қатысқып, мақтау қағазымен марапатталды.
Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтай қажеттігі, жеке денсаулық жағдайымен ерекшелігі туралы білімдерін, денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында мектебімізде спорт ойындарын жетілдіріп, оқушыларды волейбол,баскетбол ойындарына қатыстырып аудан,облыс көлемінде жүлделі орындарға шығарып жүрген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кажибаев Әділхан Кажкенұлы оқушылар арасында зор құрметке ие. Аудандық қыздар арасындағы футбол жарысынан, аудандық баскетбол жарысынан ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстарда, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген аудандық қыздар арасындағы футболдан, облыстық қыздар арасындағы футболдан облыстық «Құлагер» спортакиадасы бойынша қыздар, ұлдар арасынан баскетболдан, мектеп оқушыларының арасындағы облыстық «Жастар» спортакиадасында волейболдан ұлдар арасындағы жарыстарда 1орынға ие болды . «МЕН ЧЕМПИОН» балалар спорт ойыны бойынша жарыста Жарқын орта мектебі
2 орынды иеленді. Осының бәрі дене шынықтыру пәні мұғалімдері Әділхан Кажкенұлы мен Мырзатай Мұқанайұлының арқасында жеткен жетістіктер екені мәлім.
Сондықтан мектеп қабырғасынан алған тәлім тәрбиелерін оқушылар қазіргі жаһандану дәуірінде өркениетті қоғамға ілесе алатын , орынды жерінде қолдана алатын, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдай алатын, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті білімді, тәрбиелі, қоғамымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын, дамыған, еңбекқор, патриот түлек тұлға етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер