Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

Bilim land

block2_eop.png?_=1495530799
<

 ВЫБОР 2014 

введите текст

Досманова Аманкуль Исабековна Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Жарқын орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 
Досманова Аманкуль Исабековна
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы
Жарқын орта мектебі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
     
 
             Бүгінгі күні білім беру саласы ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі-ұлан ғайыр еңбек, жауапкершілік жүгі ауыр сала. Бұл ретте Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Білім беру жүйесіне қатыстының барлығы, біздің елдің болашағына да қатысты»,- деп, еліміздің білім саласының дамуына барынша жағдай жасалуын үнемі назарда ұстап келеді.
Жарқын орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын»,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің,  Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының, Тимирязев аудандық білім бөлімінің білім сапасын дамыту туралы шешімдері мен  бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа ала отырып, , мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде. Оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы  жұмыстар атқаруда. Мектеп жанынан ашылған дене шынықтыру және сауықтыру кешені де жұмыс істейді.  Физика және химия кабинеттері заманауи талапқа сай интерактивті тақтамен жабдықталған. Физикадан жоғары санатты, 35 жылдан артық еңбек өтілі бар Бельгибаева Жанбота Каратаевна, химиядан 25 жылдай еңбек өтілі бар бірінші санатты Досманова Аманкуль Исабековна ақпараттық технологияларды пайдаланып дәріс беріп жүр.
Мектеп  2013-2014 оқу жылынан бастап «Дүниетанымы қалыптасқан бәсекеге қабілетті білімді, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбымен жұмыс атқара отырып,  мұғалімдер мен тәрбиешілердің педагогикалық іс-әрекет құрылымы, мазмұны белгіленіп, оқушының білім сапасын көтеруге, интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әр деңгейлі оқушыларға даралап білім беруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізу басты мақсат және міндет етіп қойылды. Барлық мектептің ең негізгі міндеті – мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтамасыз ету. Жарқын ауылындағы барлық отбасын 7 мөлтек ауданға бөліп,  осында тұратын 1-18 жас аралығындағы барлық балаларды тіркеуге алып, мектеп жасындағы оқушыларды 100% оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. Мектепте 1 даярлық тобы, 4 бастауыш сынып, 5 орта буын сыныптары, 2 жоғары сынып барлығы 11 сынып жинақталған. Биылғы оқу жылының басынан  1-11 сыныптарда  71 оқушы оқиды, оның 34-ы қыз бала.
              Мұғалім үшін оқыту үрдісіндегі ең маңызды нәрсе кәсіби дамудың қажеттілігі екенін кез келген мұғалім біледі және ол туралы айтады. Менің ойымша білім деңгейі, білім беруде мұғалім дұрыс әдіс-тәсілді меңгеріп, қолдана білгенде ғана өз нәтижесін береді.  Бүгінгі заманның күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге  жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Міне мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болуы керек. Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық біліктілігін арттыру –семинарларға қатысу және өткізу, жоғары оқу орнында сырттай оқу арқылы білімін жалғастыру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттары жанынан ұйымдастырылған курстарда оқу арқылы жүзеге асырылуда. Мектепте 22 мұғалім және мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» шағын орталығында 2 тәрбиеші жұмыс атқарады. Оның ішінде 18 мұғалім жоғары білімді, 2 мұғалім сырттай ЖОО оқиды, 4 мұғалім арнаулы орта білімді, 2 жоғары санатты, 9 бірінші санатты, 9 екінші санатты мұғалімдер қызмет істейді. Мектебімізде 5 әдістемелік бірлестік ұйымдастырылған, жетекшілері жоғары және бірінші санатты ұстаздар. Мектебімізде пәндік апталықтар жоспар бойынша өткізіледі.Апталық кезінде негізгі пәндерден озық технологиялар бойынша ашық сабақтар беріледі. Ашық сабақтарда озық технологиялардың элементтерін іс-жүзілік күнделікті сабақтарда қолдану жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мұғалімдер деңгейлеп, саралап оқыту, тірек-сызба әдістерін қолдану жолдары бойынша ашық сабақтар берді, топқа бөліп оқыту әдістерін,  дамыта оқыту технологиялардың элементтерін мұғалімдер сабақтарында тиімді қолданды. Ойын технологиялары арқылы оқушылардың пәнге деген қызушылықтарын ояту жұмысы жақсы жолға қойылған. 6 мұғалім деңгейлік курстан өтті. Оның біреуі бірінші деңгей, бесеуі үшінші базалық деңгейде оқып келіп сабақтарына 7 модуль технологиясын қолданады. Білім сапасын көтеру мақсатымен ауданда ұйымдастырылған «Биоақпараттану және Синергетика технологиясы» бойынша семинар-курсқа 3 мұғалім оқып келіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.
        Білім сапасы - мұғалімдер жұмысының айнасы. Әрине, бұл олимпиада, түрлі интеллектуалдық турнирлерден көрініс табады. Мектепте оқушылардың пәнге қызығушылығы, қабілеті артып келеді. Мұғалімдердің еңбегінің нәтижесінде мектеп оқушылары пән олимпиадалары, сайыстарда, оқуларда жеңімпаз атанып жүр. Оқушыларымыз аудандық ғылыми жоба қорғауға қатысып, биология пәнінен Байгужинова Жазира  3-орын, «Зерде» зерттеушілік және шығармашылық жобасына өткен жылы 7 оқушы қатысып 2 оқушы 2-орынды, 3 оқушы 3-орынды иеленген болса, биылғы жылы 3 оқушы қатысып, 3-сынып оқушысы Супиеева Гульнур 3-орын, 1-сынып оқушысы Елубай Жасмин 2-орынды иеленді. Сонымен бірге оқушыларымыз барлық пәндерден  КИО қашықтық олимпиадасына қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Биылғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 9 оқушы қатысып, 3 оқушы 2-орынды, 2 оқушы 3-орынды иеленді. Олар химиядан 8-сынып оқушысы Серік Алихан, орыс тілінен 10-сынып оқушысы Байғожа Медет, Қазақстан тарихынан 11-сынып оқушысы Ергалиева Гаухар, орыс тілінен 10-сынып оқушысы Амангельдинова Дилара, қазақ тілі мен әдебиетінен 8-сынып оқушысы Серік Аружан. «Үркер» интеллектуалдық марафонына 9 оқушы қатысып, мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Дүйсен Ұлпан 1-орынды иеленді. «Русский медвежонок» интелектуалды сайысына 5 оқушы қатысып 2 оқушы 3-орынды иеленді. Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқушыларымыз жылда қатысып әртүрлі наминация бойынша жүлделі орындар алып жүр.
Мектебіміздегі білім сапасының тағы бір жетістігі оқушылардың қорытынды аттестаттау өткізуде 100% ҰБТ-ге қатысуы және жоғары дәрежеде білім сапасын көрсетуі. 2016 жылы оқушыларымыз 97,75 орта балл жинады. Курманалиева Альбина  104 балл жинап үздік аттестатқа ие болды. Мектеп бітірген 4 оқушының төртеуі де грантқа оқуға түсті.
         Биылға 2016-2017 оқу жылында бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алуда. Сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша курстан өтіп келіп, оқушыларды критериалды бағалау жүйесі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау енгізіліп,  қолдануда.
     Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде атқарылып жатқан жұмыс ауқымы, міне осындай. Әрине, алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда мектеп ұстаздары еселі еңбектерін одан әрі жалғастыра беретініне сенімім зор.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь